07:55, 31 Мамыр 2010 | GMT +5
Жол полициясы инспекторларының ерекше тәжірибесі өз жемісін бере бастады - Алматы облысы
ТАЛДЫҚОРҒАН. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының жол полицейлері пайда табудың соңына түсіп, жол қозғалысы ережелерін сақтамай кеткен маршруттық таксилердің жүргізушілерін тәртіпке шақырмақ ниетті.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, полиция инспекторлары азаматтық киім киеді де, кез-келген аялдамада маршруттық таксиге отырып, жол бойы жүргізуші жол берген барлық заңбұзушылықтарды тіркейді. Ал соңғы аялдамада жүргізушінің қолына хаттаманы табыс етеді.
Бұл жаңалық қазірдің өзінде өз жемісн бере бастағанын айта кету керек. Жылдың басынан бері қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты 116 хаттама толтырылған.