19:34, 07 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Жол полициясы жиырма жылдан бері бірде-бір тәртіп бұзбаған қоғамдық көлік жүргізушілерін анықтады - БҚО
ОРАЛ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО жол полициясы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында жолаушы тасымалдаумен айналысатын 500 жүргізушінің арасынан ең үздіктерді анықтады.

Жол полициясы облыстық басқармасынан хабарлағанындай, «Батыс Дилижанс» ЖШС жүргізушісі Әдиет Жұмағалиев пен «УралТехСервис» ЖШС-дан Мұхтар Әбілхайыров жиырма жылда жол қозғалысы ережесін бұзу тұрғысынан бірде-бір рет әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған болып шықты.
Жол полициясы енді ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты шараларда қос жүргізушіге грамоталар мен ескерткіш сыйлықтар тапсырады.