Жолаушы автобус жүргізушісіне шабуылдап, ірі апаттың орын алуына себеп болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 қыркүйекте таңертең Ыстамбұлда жүргізушіге қолшатырмен шабуылдауы салдарынан автобус жүргізушісі рульді басқара алмай, көрші көлікке соқтығысты, деп хабарлады ABC News жаңалықтар порталы.

Жолаушы автобус жүргізушісіне шабуылдап, ірі апаттың орын алуына себеп болды

Автобус екі қабатты автобусқа, үш машинаға соғылды. 11 адам жараланды, оның ішінде жүргізуші де бар.

Апат кадрымен видео Интернетке жарияланды. Онда автобустың күрт бұрылыстармен қарсы көліктерге қалай соқтығысқаны анық көрінеді, деп хабарлады vesti.ru.