08:49, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Жолаушылар автобусын нашақор жүргізіп келген
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Бүгін Жамбыл облысында «Автобус» операциясы мәреге жетеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қоғамдық көлік жүргізушілерінің кінәсінен болатын апатты жағдайлардың алдын алу мақсатында жамбылдық полицейлер жүргізген бір апталық операцияның барысында, жедел мәліметтер бойынша, жол ережелерін бұзудың 799 дерегі анықталған. Жамбылдық жүргізушілердің арасында жиі кездесетін фактілер: жылдамдықты асыру (113 оқиға), техникалық тексеруден өтпеу (105 оқиға), жолаушылар тасымалдау ережелерін бұзу (98 оқиға), көлік құралдарын заңсыз жабдықтау (92 оқиға) болып отыр. Теміржол өткелінен өту ережелерін бұзғандары үшін - 10-нан астам жүргізуші, көлік тізгініне мас күйінде отырғандары үшін -5 жүргізуші, автобусты жүргізген кезде есірткіге елітіп алғаны үшін ? 1 жүргізуші куәліктерінен айрылды.