Жолаушылар пойызы апатқа ұшыраған учаскедегі пойыз қозғалысы таңертең қалпына келтіріледі
«Ұлттық темір жол компаниясы аталған учаскеде көлік қозғалысын жандандыруға қажетті шараларды қолданып жатыр. Пойыздардың қозғалысы таңғы сағат 6 кезінде қалпына келтіріледі деп жоспарлануда», - дейді компанияның баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетейік, 19 сәуір күні «Сағыз - Мақат» учаскесінде "Алматы - Атырау" бағыты бойынша бет алған № 41 жолаушылар пойызының 12 вагоны жолдан шығып кеткен болатын . Келіп түскен ақпаратқа қарағанда, 7 адам ауруханаға жатқызылған. Қаза тапқандар жоқ. ҚР Бас көлік прокуратурасы аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады .
Жолаушыларды көшіруге автокөліктер мен қосымша вагондар жөнелтілді. Атырау облысының әкімдігі мен ҚР ТЖМ көмегімен барлық зардап шеккен жолаушыларға қажетті көмек көрсетілді.
Оқиғаның себептерін анықтау үшін «ҚТЖ»ҰК» АҚ арнайы комиссиясы құрылды.