07:08, 21 Наурыз 2014 | GMT +5
Жолаушылар пойызының бес вагоны рельстен шығып кетті, 12 адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 20 наурызда Мумбаи-Касара бағытындағы жолаушылар пойызының бес вагоны рельстен шығып кетті.
Апат салдарынан 12 адам зардап шекті, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Оқиға Амбивали курортына бағыт алған пойыз Титвала қаласы стансасынан шыққаннан кейін небәрі бірнеше минуттан соң орын алған.
Қазіргі уақытта шенеуніктер мен полиция апат салдарын тексеруде.