«Жолаушылар тасымалы» АҚ мереке күндеріне орай қосымша вагондар тіркеді

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Мереке қарсаңындағы және мереке күндеріндегі жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты наурыздың 19-ы мен 26-сы аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша 107 жолаушылар вагонын тіркеп отыр.
None
None

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

№52/51 Қарағанды-Алматы пойызына 19 наурыз күні 4 қосымша вагон, 20 наурызда - 8 вагон, 21 наурызда - 2 вагон, 24 наурызда 1 қосымша вагон қосылады.

№10/9 Астана-Алматы-2 «Бәйтерек» пойызының құрамы 20 және 23 наурызда 1 вагонға арттырылады.

№86/85 Астана-Сарыағаш пойызына 20 наурызда 3 вагон, 20 және 24 наурызда қосымша 2 вагоннан, «Ақтөбе-Алматы-2» бағытында қатынайтын құрамдарға (№34/33 пойыздар) 19, 21, 22, 23, 25, 26 наурызда 1 вагоннан қосылады.

№15/16 «Алматы-2 - Петропавл» пойызына 19 наурызда қосымша 1 вагон, 20 наурызда 2 вагон, ал 107 вагон Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жезқазған сынды 22 бағытта тіркеледі.

Қажет болған жағдайда «Жолаушылар тасымалы» АҚ тағы да қосымша вагондар қосуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар