«Жолаушылар тасымалы» АҚ мүмкіншілігі шектеулі жандарға арналған жаңа вагондарды іске қосты

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - «Астана-Алматы» бағытында қатынайтын 9/10 поездың құрамына 6 жаңа вагон тіркеліп, олар бүгіннен бастап Астана бекетінен қатынайды, бұл вагондардың қатарында мүмкіншілігі шектеулі жандарға арналған вагон бар.
None
None

Қалған 6 вагон 2011 жылдың 27 қарашасында келесі рейспен жолға шығады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жылжымалы құрамды жаңарту бағдарламасын іске асыруда. Сонымен қатар, халықтың жайлы тасымалға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында 12 купелік вагон сатып алды, оның ішінде 2 вагон штабтық вагон мүмкіншілігі шектеулі жандар мен оларды алып жүрушілерге арналған.

Ұлттық тасымалдаушы поездарда мүмкіншілігі шектеулі жандар үшін жайлы жағдай жасауға үлкен көңіл бөлуде. Шығарушы зауыт жолаушылардың ұсыныстарын ескере отырып, вагондарға кедергісіз кіруді қамтамасыз еткен. Жеткізуші 2 штабтық вагонды арбада отырған мүгедекті пойызға отырғызып, түсіретін автоматты көтергіш құралдармен жабдықтаған. Сонымен қатар, вагонның тамбуры, дәлізі, купесі және санитарлық торабы арнайы кеңейтілген. Бұл мүмкіншілігі шектеулі жанның пойыздың ішінде бөгде адамның көмегінсіз өздігімен еркін қозғалуына мүмкіндік береді.

Барлық вагондар сапалы және ыңғайлы. Оларды өндіру кезінде заманауй материалдар қолданылған. Жылжымалы құрам экологиялық таза дәретханалармен, аудио және видео жүйелерімен сонымен қатар, желдеткіштермен, жылу және өрт сөндіру дабылдатқыштарымен қамтамасыздандырылған. Әр купеде телевизор, жолсеріктің қызметтік купесінде қысқатолқынды пеш және тоңазытқыш бар. Купе вагонына 40 жолаушыға дейін сыяды, ал купе штабтық вагон 34 адамға арналған. Вагонның қызмет көрсету уақыты 30 жылды құрайды.

Бұл теміржолшылар тарапынан мүмкіншілігі шектеулі жандарға қатысты жасалып жатқан бірінші шара емес. Ағымдағы жылдың мамыр айында «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана-Атырау» бағытында қатынайтын поездың құрамына мүгедек жандар мен оларды алып жүрушілерге арналған вагондарды тіркеген.

Сонымен қатар инвестиция бағдарламасының аясында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қолданыстағы купе вагондарын мүгедектерді тасымалдауға ыңғайлы болатындай қайта жөндеуден өткізді. Жолаушылар вагондарын жөндеу бағдарламасы бьойынша 2012 жылы компания мүгедектерді тасымалдау үшін вагондарды қосымша қайта жабдықтаудан өткізуді қарастырып жатыр.

Жалпы 2012 жылы компания темір жол тасымалына деген халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында тағы 180 заманауи вагондарды сатып алуды жоспарлап отыр. Олардың қатарында да мүгедек жандарға арналған арнайы орындар болады.

Соңғы жаңалықтар