23:28, 27 Тамыз 2017 | GMT +5
Жолаушылар теплоходы қайраңға тұрып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі жүздей адам тиелген туристер теплоходы түнде Ярославский облысындағы Мышкин қаласының аумағында қайраңға тұрып қалды, деп хабарлайды Росбалт.

Ведомство мәліметінше, капитан техникалық есеппен кемені қайраңға мақсатты түрде бағыттаған. Теплоходтың еш жері бүлінбеген, зардап шеккендер жоқ. Бортта 130 жолаушы бар, олардың қатарында сегіз бала және 50 экипаж мүшелері. Теплоходқа оны қайырдан алып шығатын сүйреуіш жіберілді.
ТЖМ жолаушыларға төнген қауіптің жоқ екендігін айтып, оқиғаны «техникалық аялдама» деп атады.