«Жолда қабылдау» акциясының бірінші күнінде 8 мыңнан астам адам кеңес алды
Бұдан бұрын хабарланғандай, 17-18 мамыр күндері еліміздің түкпір-түкпірінде «Жолда қабылдау» акциясының кезекті кезеңі өтуде. Бұл - полицияның азаматтармен өзара байланыс жасауда жаңа модельге көшуінің бір бағыты.
«Акцияның тек бірінші күні 8 мыңнан астам азамат «Жолда қабылдау» кеңесіне жүгінді. Тағы 5,5 мың сұрақ әлеуметтік желі арқылы келіп түсті. Сауалдардың көбісі жол ережесін бұзғаны үшін тіркелген айыппұлдарға, көші-қон заңнамасының орындалуына, жолдағы көлік қозғалысын ұйымдастыруға, автокөлікті тіркеуге, жүргізуші куәлігін беруге қатысты болды. Барлық сұрақтарға жауап беріліп, түсіндіру шаралары жүргізілді», - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұл мобильді қабылдау бүгін сағат 19:00-ге дейін жалғасады.
Аталған іс-шараның өткізілетін орны және «жедел желінің» телефон нөмірлерін ІІМ-нің ресми порталынан, сондай-ақ +7 (7172) 437613 телефонына хабарласып білуге болады.
Айта кетейік, министрдің тапсырмасы бойынша өңірлік ішкі істер органдары осындай акцияны ай сайын өткізіп тұрады.