Жолдау - қолдауымен құнды

АЛМАТЫ. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Елбасымыздың биылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында халықтың денсаулығын жақсарту,
None
None

өмір сүру деңгейін көтеру, оған қолда бар мүмкіндіктерді жұмылдыру үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсету бағытында жақсы ойлар айтылды. Алматы облысы, Ақсу ауданының тұрғыны, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі Әшімғали Жұмагелдин осындай пікір білдірді.

20 жылдан астам аталған ауданда ақпараттық насихатшылар тобында жұмыс істеп келе жатқан Ә.Жұмагелдин Елбасымыздың биылғы Жолдауын аудандық АНТ мүшелері аудан әкімдігінің мәжіліс залында теледидардан ынта қоя қарағандығын айтады. «Жолдауда бала мен ана денсаулығын жақсарту, әсіресе жұқпалы аурулардың алдын алу міндеттері алдымызға қойылды», -дейді ол.

Ақсу ауданында бас дәрігер болумен қатар «Туберкулез және жұқпалы аурулар корпоративтік қорын» басқаратын Ә.Жұмагелдиннің айтуынша, олардың Қоры былтырдан бері жұқпалы аурулармен ауырған адамдардың есебін алып, олардың әрқайсысына азық-түліктей көмек көрсеткен. Соның арқасында 12 отбасына қажетті дәрі-дәрмек, құнарлы тамақ берілген.

«Елбасымыздың биылғы Жолдауында айтылған денсаулықты жақсартуға байланысты шараларды жүзеге асыру мақсатында мұндай игілікті іс биыл да жалғасын табатын болады. Сондықтан да, Жолдаудың ел арасында кеңінен насихатталуына және оның талаптарының орындалуына біз де атсалысып, оны орындауға бар күш-жігерімізді жұмылдырамыз», - деп атап өтті Әшімғали Жұмагелдин өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар