Жолға жақын орналасқан 4 мың білім мекемесінен 2 мың кемшілік анықталды - ҚР ІІМ

None
None

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел аумағындағы жол жақын орналасқан 4 мың білім беру мекемесінен 2 мың кемшілік табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбындағы брифингіде осындай деректер келтірді.

«Жолға жақын орналасқан білім беру мекемелерінің аумағына 4 мыңнан астам тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою үшін уәкілетті мекемелерге 2 мыңға жуық нұсқама берілді. Қазіргі уақытта 3 612 мектептің жанында жаяу жүргінші өткелдері бар, 2 473 мектептің жанында жасанды кедергілер орналастырған, ал 2 300-ге жуық мектеп жанында жаяу жүргіншілерге арналған лабиринт тектес қоршаулар орнатылған», - дейді комитет басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, Жандос Мұратәлиев білім беру мекемелерінің жанында 1 160 жол белгісі жаңартылғанын атады.

«Білім беру мекемелерінің жанында 1 160 жол белгісі ауыстырылып, қайта орнатылды. Мыңға жуық жаяу жүргіншілер өткелі жабдықталып, 8 мың метрден астам жаяу жүргіншілер жолы салынды, 16 мың метр жол жасанды жолмен жарықтандырылды», - деді ІІМ өкілі

Ведомство оқу жылының таяп қалғанын ескеріп, 23 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында «Назар аударыңыз - балалар» акциясын қайта өткізуді жоспарлап отыр. Бұл шара 2 кезеңде өтеді: дайындық кезеңі (23-31 тамыз) және негізгі кезең (1-10 қыркүйек аралығында).

Дайындық кезеңі аясында:

- білім беру мекемелерінің аумағындағы жол желісінің жұмыс күйін және жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарын зерттеу;

- ата-аналар мен мұғалімдерге жол қауіпсіздігі бойынша профилактикалық сабақтар, дәрістер өткізу жоспарлануда;

Бұл жұмыс ағымдағы жылдың 17 маусым мен 16 шілде аралығында өткен «Қауіпсіз жол» іс-шарасы аясында жалғасын тапты.

Жаңа оқу жылының қарсаңында 23 тамыз және 10 қыркүйек аралығында «Назар аударыңыз - балалар!» акциясын қайта өткізу жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар