Жолқұдық ауылының еңбек ардагерлері Павлодардың назар аударатын жаңа орындарын көрді

ПАВЛОДАР. 10 қазан. ҚазАқпарат - 17 қыркүйек күні басталған «Қамқорлық» айлығының кезінде Павлодар қаласы және Ақсу ауылдық аймағының барлық ұйымдары мен мекемелерінде ардагерлерге құрмет көрсетілді,
None
None

деп хабарлады қала әкімдігінен.

Зейнеткерлер мен мүгедектер үшін қайырымдылық астары мен мерекелік концерттер өткізілуде.

Жолқұдық ауылдық округінің басшылығы 98 еңбек ардагері үшін Павлодарға экскурсия ұйымдастырды. Зейнеткерлер аштық құрбандарының ескерткішіне және Ертіс жағалауына барды, жаңа кардиохирургиялық орталықты, «Баянтау» спорт кешенін және Ж.Аймауытов атындағы музыкалық-драма театрын аралады.

Ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Айдархан Төртұлов, имам Қырықбес Әбдіғалымов, «Алтын алқа» белгісінің иегері Бәтима Жапарханова және экскурсияның басқа қатысушылары жылдан жылға көркейіп келе жатқан Павлодардың әсем орындарын көрді.

Соңғы жаңалықтар