«Жомарт» кенішінде жетінші жұмысшының денесі табылды

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM — Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі кеніштен жетінші қызметкердің денесі табылды. Оның кім екені анықталып жатыр.

апат
Фото: Midjourney

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайтыс болған жеті жұмысшының денесі жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

ҚР ТЖМ Жедел штабының «жедел желісіне» 23 қоңырау түскен.

Осыған дейін Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам төтенше жағдайда қалғаны туралы жаздық. 

Кейінірек оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары жөнелтілді.

Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды

Кеніште алты жұмысшының денесі табылды.

Соңғы жаңалықтар