Жомарт Момышев Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысының бұйрығымен Жомарт Момышев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жомарт Момышев 1971 жылы 10 қарашада Ақмола облысында дүниеге келді.

1997 жылы Қазақ политехникалық университетін «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген.

2004 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

1993 – 1994: ДОП «Автомотосервис және сауда» диспетчері, Жамбыл қ.

1994 – 1995: ДОП «Автомотосервис және сауда» Экспедиторы, Жамбыл қ.

1995 – 1997: «Қамқор» АҚ Өндіріс шебері, Тараз қ.

1997 – 2001: «Интерсистема» ЖШС Экономикалық мәселелер жөніндегі директоры, Тараз қ.

2002 – 2002: Жамбыл облысы әкімі жанындағы жергілікті бюджеттерге алымдар мен жекелеген салық төлемдерін өндіріп алу жөніндегі агенттіктің мүлік, көлік құралдары және жер салығы салықтарын жинау бөлімінің бас маманының м.а., Тараз қ.

2002 – 2003: Жамбыл облысы әкімі жанындағы жергілікті бюджеттерге алымдар мен жекелеген салық төлемдерін өндіріп алу жөніндегі агенттіктің мүлік, көлік құралдары және жер салығы салықтарын жинау бөлімінің бас маманы, Тараз қ.

2003 – 2004: Жамбыл облысы Жаулін ауданы жанындағы жергілікті бюджеттерге алымдар мен жекелеген салық төлемдерін өндіріп алу жөніндегі агенттіктің мүлік, көлік құралдары және жер салығы салықтарын жинау бөлімінің директор - бастығы, Б. Момышұлы ауылы.

2004 – 2006: «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ААҚ Жамбыл филиалы стандарттау және ақпарат бөлімінің бастығы, Тараз қ.

2006 – 2006: «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ААҚ Жамбыл филиалы метрология бөлімінің бастығы, Тараз қ

2006 – 2018: «НайЭкс» АҚ Жамбыл филиалының директоры, Тараз қ.

2021-2021: «Казақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК Жамбыл облысының директоры, Тараз қ.

2022 – 2022: Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті Жамбыл облысының сауда департаментінің басшысының м.а., Тараз қ.

2022 – 2023: Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті Жамбыл облысының сауда департаментінің басшысы, Тараз қ.


Фото: gov.kz





Соңғы жаңалықтар