Жомарт түлектер мектепке автокөлік сыйлады - БҚО

ОРАЛ. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданының түлектері Алтай мен Асқар Беркалиевтер өздері оқыған Чапаев №1 орта мектебіне «ДЭУ-Нексия» автокөлігін сыйға тартты.
None
None

Алтай қазір Алматыда, Асқар Ақсай қаласында тұрады. Екеуі де - кәсіпкер. Ұлдарының  атажұртына, алтын ұя мектебіне деген риясыз көңілдерін ата-аналары, еңбек ардагерлері, Сағат пен Тұрсын бірден қостаған. Бұрын ауданда партия, кеңес қызметтерінде істеген Сағат пен ардагер ұстаз Тұрсын ана бүгінде Алматыда тұрады.

Аталған мектепте бұрын түрлі себеппен автомобиль ісіне оқыту жабылып қалған-ды. Соны қайта ашу жоспарланып отырған кезде түлектердің осынау сыйлығы нұр үстіне нұр болды.

Соңғы жаңалықтар