Жөндеу жұмыстары: Алматыда қай көшелер уақытша жабылады

Алматы қалалық мобильділік басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, 13 шілде сағат 22-00-ден 15 шілде сағат 07-00-ге дейін Абай даңғылының шығыс бағытында Розыбакиев көшесінен Әуезов көшесіне дейін асфальтбетон төсеу үшін қозғалыс толығымен жабылады. Айналма жол Брусиловский, Тұрғұт Озал, Мыңбаев, Жамбыл, Сәтпаев, Жандосов, Манас, Байзақов көшелерімен қамтамасыз етіледі.
15 шілдеде сағат 22-00-ден 17 шілде сағат 07-00-ге дейін Есентай өзені арқылы өтетін көпірден Батыс Желтоқсан көшесіне дейінгі учаскеде әл-Фараби даңғылы бойымен қозғалыс жабылады. Айналма жол Қаппаров, Жамақаев және Сейфуллин даңғылдары бойынша жүзеге асырылады.
13 шілдеде таңғы сағат 06:00-ден бастап Жароков көшесінен Жақсылық Үшкемпіров көшесіне дейінгі учаскеде әл-Фараби даңғылының бойымен қозғалыс ашылады.
«Мұнда полимерасфальтбетонды пайдаланып орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл полимерлер жолға және жарыққа, битумды жууға төзімділікті арттырады, сонымен қатар жол төсемінің қызмет ету мерзімін ұзартады, асфальтбетон төсемінің беріктігі мен аязға төзімділігін арттырады»,- деп хабарлады басқармадан.
Ауа райына байланысты кестеге өзгерістер енгізілсе, БАҚ арқылы хабарланатын болады.