Жоңғар Алатауы баурайында, Жаманты шатқалында және Алакөлде жаңа экологиялық бағыттар ашылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - БҰҰ Даму бағдарламасының Жаһандық экологиялық қорымен бірлескен жоба аясында ҚР Үкіметі Алакөл-Сасықкөл жобалық аумағында орнықты экологиялық туризмді дамыту бойынша іс-шараларды іске асыруды көздеген болатын.
None
None

Осыған байланысты Жоңғар Алатауы баурайы, Жаманты шатқалы және Алакөл  экологиялық бағыттары бойынша ақпараттық турдың таныстырылымы болып өтті. Оған Алакөл ауданы әкімдігінің, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының, ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің, облыстық туризм және спорт басқармасының, ҮЕҰ және жергілікті қауымдастық өкілдері қатысты.

«Алакөл табиғаты» қоғамдық ұйымының төрағасы Ерлан Қаженовтің хабарлауынша, жобаны іске асыру бойынша алакөлдік топтың және «Алакөл табиғаты» қоғамдық ұйымының бірлескен жұмыстары барысында осы көл жағалауында және тау етегінде экологиялық туризмді дамытуға бағытталған даму стратегиясы құрылды. Әзірленген экологиялық бағыт сызбасының базасында киіз үй лагерлерінде жаяу, салтатты, орнитологиялық, таулы жерлердегі экобағыттарының жобалары даярланды.

Жалпы Алакөл-Сасықкөл жобалық аумағындағы экологиялық туризмнің дамуы рекреациялық жүктемені төмендетуге және туристер арасында демалыс мәдениетіне тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар