Жоңғар қақпасының 1 пайыз энергиясы Қазақстанның энергия қажеттілігін толығымен өтей алады - М.Елеусізов

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Жоңғар қақпасының 1 пайыз энергиясы Қазақстанның энергия қажеттілігін толығымен өтей алады.
None
None

Бұл туралы бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттерімен кездескен ҚР Президенттігіне кандидат Мелс Елеусізов айтты.

Сұрақ-жауап түрінде өткен кездесу барысында еліміз балама энергия көздері мүмкіндігін молынан пайдалануы керектігін баса айтқан ол: «Бізде ондай мүмкіншілік өте ауқымды. Мәселен, Жоңғар қақпасының 1 пайыз энергиясы Қазақстанның энергия қажеттілігін толығымен жаба алады. Дегенмен біз оны пайдаланып отырғанымыз жоқ. Елімізде бірде-бір жел энергиясы стансысы салынбаған», - деді.

Расында да 2006 жылы Жоңғар қақпасы маңында қуаттылығы 5 МВт ілкі жел электр стансысының құрылысын бастау жоспарланған еді. Алайда бой көтерген әлі де бірде-бір стансы жоқ. Жалпы қысы-жазы тоқтаусыз соғып тұратын жел өтінің қуаттылығы жағынан Жоңғар қақпасы алдыңғы орындардың бірінде тұр. Жоңғар қақпасынан соғатын желдің жылдық орташа жылдамдығы 9,68 м/с құрайды. Ал, Алматы облысындағы Шелек дәлізінен соғатын желдің жылдамдығы 7,77 м/секундка тең. Сондай-ақ, желдің соғу жылдамдығы Ақтау айлағында 7,83 м/с, Елорданың маңайында - 6,8 м/с, Ерейментауда 7,79 - м/с, Қарқаралыда - 6,26 м/с, Арқалықта 6,93 - м/с, ОҚО Жүзімдік ауылы мен Атыраудағы Қарабатан теміржол стансысы аумағында 7,5 м/с құрайды.

Соңғы жаңалықтар