ЖОО-ларда жасы 60-тан асқан қанша ғалым еңбек етеді

Қазақстанда 60 жастан асқан азаматтар, жалпы халық санының 13,2% құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

жоо
Фото: pixabay.com

Биыл жыл басындағы жағдай бойынша 60 және одан жоғары жас тобындағы халық саны 2 616 515 адамды (елдің жалпы санының 13,2%) құрады. Оның ішінде 1 031 051-і (39,4%) – ерлер және 1 585 064-і (60,6%) – әйелдер.

Егде жастағы халықтың ең көп саны келесі өңірлерде тұрады:

  • Алматы қаласында – 288 922 адам,
  • Қарағанды облысында – 200 186 адам,
  • Түркістан облысында– 190 160 адам,
  • Алматы облысында – 177 685 адам.

2022-2023 оқу жылының басындағы жағдай бойынша: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы 63 жастан асқан ерлер саны 2 887 адамды құрады. 60 жастан асқан әйелдерде саны – 4 189 адам. Оның ішінде магистр академиялық дәрежесі бар – 322 адам, философия докторы – 132, бейіні бойынша доктор – 145, ғылым докторы – 1 512, ғылым кандидаты – 3 336, профессор – 1 238 және доцент – 1 986 адам.

Жалпы, 2022 жылы 60 және одан жоғары жастағылар арасында 308,3 мың адам еңбек етті. Оның 63,4% – ерлер және 36,6% – әйелдер. Көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 4,6% азайған. Айтарлықтай төмендеу осы жас тобындағы әйелдерге тиесілі – 16,1%.

2021 жылға қарағанда былтыр зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны 2,8% артқан.

Соңғы жаңалықтар