ЖОО-ларды қысқарту бойынша сот дау-дамайлары басталды - вице-министр

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат -Жекелеген өңірлерде жоғары оқу орындарын қысқарту бойынша сот процестері басталып кетті.

ЖОО-ларды қысқарту бойынша сот дау-дамайлары басталды - вице-министр

Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне сұхбат берген ҚР Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов мәлім етті.

«Бүгінде еліміздегі жоғары оқу орындарын қысқарту жұмыстары әрқалай жүргізілуде. Бір жерде сот дау-дамайлары болып жатса, енді бір жерде құрылтайшылар мен университет басшылығымен келіссөздер басталды. Бұл жұмыстың нақты қай уақытта аяқталатындығы белгісіз. Алайда ол ұзаққа созылмайды. Себебі министрлікке тиісті тапсырмалар берілді. Біз соның аясында жұмыс істейтін боламыз», - деп атап көрсетті С.Шаяхметов.