11:37, 04 Маусым 2013 | GMT +5
Жосалы кентінде ғимараттардың шатыры ұшып, 3700 үй, 18 әлеуметтік нысан жарықсыз қалды - Қызылорда облысы
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Жосалы кентінде қатты дауыл аудандық әкімдік ғимаратының, № 121, № 183, № 33 мектептердің, аудандық аурухананың, орталық кітапхананың,

«Аққайың» балабақшасының шатырын ұшырып, энергияны тарату желілерінің 13 темір-бетон тірегін құлатқан. Салдарынан ауданның бас трансформаторы істен шығып, 3700 жеке тұрғын үй, 7 балабақша, 7 орта мектеп, 2 аудандық аурухана, 2 мәдениет үй жарықсыз қалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.
Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Бүгінде аудан бойынша төтенше жағдай комиссиясы жұмыс істеуде.