19:31, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Жосалыда 50 үйге су құбыры жеткізілді
ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қармақшы ауылы "Қызылордатеміржол" мекемесінің су құбырына қосылып, жұртшылық қуанышқа кенелді. Жаңа желі әзірге 50 үйге жеткізіліп, оларға су есептегіштер қоса қойылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Есептегіш құралдарының қойылуы бір жағынан суды үнеммен жұмсауға ықпал етсе, екінші жағынан төлемақы жүйесін реттеуге мүмкіндік береді. Су есептегішті орнату үшін әр отбасы 3 мың теңгеден шығарған. Ал су құбырын тартуға аудандық бюджеттен 1,5 млн. теңге қаржы жұмсалған. Ауылдағы барлық үйді сапалы ауызсумен толықтай қамту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.