Жосалыдағы кітапхананың кітап қоры 9 мың кітаппен толықты

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Жосалы кентіндегі Абай атындағы орталықтандырылған кітапхана соңғы екі жылда 9000-ға жуық жаңа кітаптармен толықты.
None
None
Сондай-ақ, жаңа жылдан 30-дан астам мерзімді басылымдарға жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.75 жылдан астам тарихы бар кітапхана жүйесі бүгінде 18 салалық ұжымның басын біріктіріп отыр. Мұндағы мамандар 50 мыңнан аса оқырманға қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі таңда жалпы кітап қоры 446 мың 160 данаға жеткен. Енді арнайы үлгідегі жаңа ғимарат құрылысын қолға алу қажеттілігі туындап отыр.
Соңғы жаңалықтар