Жошы ұлысы: Алтын орданың саяси һәм экономикалық жүйесі

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл Қазақстан атаулы оқиғаны - Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толуын атап өтпекші. Бұл оқиға ортағасырлық Еуразияның ең ірі мемлекеттерінің бірін жете түсінуге ұмтылған тарихшылар мен зерттеушілердің назарын аударады.

Жошы ұлысы
Фото: z-taraz.kz

Жошы ұлысының саяси және экономикалық жүйесі 

1227 жылы Жошы қайтыс болғанда, оның тікелей бақылауындағы иелік пен жауынгерлер оның үлкен ұлы Орде-Ежжен мен екінші ұлы Бату арасында бөлінді. Моңғолдардың әскери дәстүріне сай Жошы ұлысы екі қанатқа бөлінді — сол және оң қанат, олардың өзіндік түстері болды: Ақ Орда және Көк Орда. Дәстүр бойынша Орда-Ежен басқарған Ақ Орда Жошы ұлысының сол, Шығыс қанаты ж саналады.

Алайда, Ақ Орда мен Көк Орданың орналасуын жаһандық талқылау жалғасып отыр: кейбір зерттеушілер оң қанатты Ақ Орда, ал сол қанатты Көк Орда деп санайды. Сонымен қатар, Жошы ұлысының алғашқы бөлінісі туралы да гипотеза бар. Оған сәйкес оң қанат — ағайынды Бату, Таңғұт және Шымбайдың, кейінірек ноғайдың иелігіде болса, орталық Батуға, ал сол қанат — Орда-Еженге тиесілі.

Ақ Орда қазіргі Қазақстанның кең аумағын қамтыды. Оның шекарасы Жайық өзенінің бойымен өтті. Бастапқыда Ақ Орданың астанасы Балқаш көлінің жанында болған, бірақ кейін Сырдария өзеніндегі Сығанаққа көшірілді.

Моңғол дәстүріне сай, ел армия ретінде қарастырылды және жауынгерлердің санына қарай әскери округтерге бөлінді: түмен (он мың), мыңдық, жүздік және ондық.

Ақсүйектердің мемлекетті басқаруға қатысуының негізгі нысаны дәстүрлі таптық-өкілді орган — құрылтай болды. Онда маңызды мемлекеттік мәселелер шешілді.

Орда-Еженнің ұрпақтарынан шыққан хандар өздерінің құрылтайларында сайланды, ал Батудың мұрагерлері олардың істеріне араласпады.

Хан кеңесі төрт қараша бектен тұрды және Ұлыстың ең беделді руларының өкілі болды. Олар Соғыс министрінің қызметін атқарды.

Сыртқы саясат

Жошы ұлысының сыртқы саясаты аумақты кеңейтуге және аймақтағы позицияны нығайтуға бағытталған. Орда әскери және сауда мемлекеті болды. XIII ғасырдың ортасындағы жаулап алулардан кейінгі ұлыстың сыртқы саясаты батыста жаңа жерлерді иемденуге және өз билігін Кавказ маңы мен Кіші Азиядағы керуен жолдарына кеңейтуге деген ұмтылыспен айқындалды.
Сауда алым жинаумен және территорияларды жаулап алумен қатар экономиканың негізі болды. Мемлекет аумағы арқылы Еуропаға, Үндістанға және Қытайға сауда жолдары өтті. Орда халықаралық нарықтарға жүн, былғары, астық, тұз, жылқы, түйе, жібек, мақта-мата мен асыл тастар жеткізді.

Батысқа жасалған жорық пен Жошы ұлысының шекарасы белгілегеннен кейін басымдық біртіндеп өзгерді; Батыстың орнына Шығыс бағыты басымдыққа ие бола түсті.

Алтын Орданың ең үлкен саяси және экономикалық қуатты болуы Өзбек ханның билігі тұсында болды. Сол кезеңде орталық билік айтарлықтай нығайды, империяны басқарудың біртұтас жүйесі және негізінен шағын жер иелерінен тұратын үлкен армия құрылды. Шекара белгіленді және соғыстарда жеңіске жетті.

Материалдың ағылшын тіліндегі түпнұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыздар. 

Соңғы жаңалықтар