ЖРВИ мен метапневмовирус: Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай қалай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда өткен аптада тұмау жұқтырғандардың саны артқан.

Тұмау жұқтыру деңгейі қандай
Фото: пресс-служба Министерства здравоохранения РК

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 17 578 жағдайы тіркелген. Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 2,7 пайызға (17 094 жағдай) жоғары, алайда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе (29 921 жағдай) төмен. Аурудың 62,7%-ы (186 734 жағдай) балаларды қамтиды. 

- Зертханалық мониторинг нәтижелері бойынша қалада тұмауға жатпайтын басқа ЖРВИ вирустары анықталды: риновирус - 16, парагрипп - 3, РС - 12, аденовирус - 1, бокавирус - 1. Метапневмовирус тіркелген жоқ, - деді мегаполистің бас санитарлық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы.

Еске салайық, бұған дейін А гепатиті 70 пайыз тұрмыстық жағдайда жұғатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар