ЖСДП Конституция жобасын жалпыхалықтық референдумға шығаруды қолдады

АСТАНА. KAZINFORM – Жаңа Конституция жобасы мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағдарлығын күшейтеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов айтты.

Обсуждение проекта Конституции: в Комиссию поступило более четырех тысяч обращений
Фото: Видеодан скрин

- Негізгі заңның жаңа нұсқасы мемлекеттің әлеуметтік өлшемдерін күшейтеді. Онда адам негізгі құндылық ретінде қарастырылады. Заң мен сот алдындағы теңдіктің бекітілуі, құқық пен бостандық кепілінің кеңейтілуі, оларды қорғау тетіктерінің күшейтілуі қоғамның әділ әрі лайықты сұранысына сай келеді. Социал-демократтар үшін бұл – кез келген конституциялық өзгерістер мен саяси реформаларды бағалаудың негізгі өлшемшарты. Қоғамдық бірлестіктер қызметінің еркіндігін бекіту және азаматтардың қоғамдық өмірге араласуын кеңейту айрықша мәнге ие,- деді ол Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның 12-отырысында.

Оның пайымынша, бұл кәсіподақтар, қоғамдық ұйымдар мен бастамашыл топтар еңбек адамдарының, жастардың, әлеуметтік әлсіз топтардың мүдделерін еркін білдіруге мүмкіндік беретін шынайы азаматтық қоғамдық дамыту үшін жағдай жасайды.

- Конституциялы комиссия жұмысының сипатын жеке атап өткім келеді. Жобаны талқылау мазмұнды, түрлі ұстанымдар мен дәлелдермен болды. Бұл теңгерімді әрі келісімді құжат дайындауға мүмкіндік берді. Мұндай жұмыс жан-жақты қолдауға лайық. Меніңше, Негізгі заңның ұсынылған жобасы азаматтардың басты үмітін паш етеді, әлеуметтік әділдік пен демократияның базалық қағдиаттарына сай келеді және де жалпыхалықтық референдумға шығаруға дайын, - деді Асхат Рахымжанов.

Осыған дейін Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Конституция жобасын референдумға шығару үшін Президент қарауына ұсынуға болатыны туралы айтты.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум