ЖСДП өкілі жерге меншік мәселесіне қатысты пікірін білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысатын еліміздегі алты саяси партия өкілдері арасындағы теледебат барысында Жалпыұлттық социал-демократтар партиясының өкілі Зәуреш Батталова жерге жекеменшікті алып тастау қажет деген пікірін білдірді.
None
None

Теледебат ережесіне сәйкес, ҚХКП өкілі Владимир Косарев ЖСДП өкіліне сұрақ қойып, онда еліміздің экономикалық даму жолына қатысты пікірін сұраған еді.

З. Батталова заңнама арқылы бизнесті қадағалаудан, бақылау мен сыбайлас жемқорлықтан толық босату, ауыртпалық жүктемесін ішкі өндірістерге қарай ойыстыру қажеттігін айтты.

«Жоғары технологиялық өндірістер шоғырын құру керек. Экспорттаушылар қызметін бақылауға алу керек. (...) Шағын және орта бизнестің дамуына жан-жақты жағдай жасалып, жерге жекеменшік алынып тасталуы керек», - деп атап өтті ол.

Саяси партиялар өкілдерінің арасындағы пікірсайысқа «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов, ҚХКП Владислав Косарев, «Ауыл» партиясынан Әли Бектаев, «Ақ жол» партиясынан Азат Перуашев, «Бірлік» партиясынан Роза Қуанышбаева, ЖСДП өкілі Зәуреш Батталова қатысты. Пікірсайыс «Хабар» арнасы арқылы көрсетіледі деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар