Жуалы ауданында қарлы бұрқасынның салдарынан Қоңыртөбе-Қошқарата күре жолының 30 шақырымы жабылды - Жамбыл облысы

ТАРАЗ. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Жуалы ауданында қарлы бұрқасынның салдарынан Қоңыртөбе-Қошқарата күре жолының 30 шақырымы жабылды,  деп хабарланды Жамбыл облысы бойынша ТЖД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Жамбыл облысының аумағында ауа райының температурасы +5+12 градусты көрсеткенімен, Жуалы ауданы әлі де суық қыс қаһарынан шыға алмай отыр. 

«4 наурызда, сағат 20.00-ден бастап жел мен қарлы бұрқасының салдарынан аудандық маңыздағы шамамен 30 шақырымға созылған Қоңыртөбе-Қошқарата күре жолының кей жерлерін қар басып, осыған байланысты көлік қозғалысы тоқтатылды», - деп мәлімдеді Жамбыл облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметінің жекекшісі Руслан Иманқұлов.

Қазіргі уақытта «Инвест МК компаниясы» ЖШС-нің техникасымен жолдарды тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жамбыл облысының аумағындағы республикалық және облыстық маңыздағы күре жолдар, оның ішінде Қордай, Құйық, Шақпақ және Хантау таулы асулары көлік қозғалысы үшін ашық. «Қазақавтожол» РМК-нің жолға арналған техникасымен тазалау және жолдарға топырақ себу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарланды Жамбыл облысы бойынша ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар