08:57, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Жуалы ауданында төтенше жағдайдың салдары жойылуда - Жамбыл облысы
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының Жуалы ауданы қыс мезгілінде төтенше оқиғаларға көбірек бейім.
Бұл жолы аудан тұрғындары әдеттегідей қалың қардан емес, көк мұздан зардап шегіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қалыңдығы 25-30 сантиметрлік мұз салмағынан электр сымдары үзіліп, бағандар мен ағаштар құлап жатыр. «Көптеген жерлерде сымдар мен конструкциялар мұздың салмағын көтер алмауда. Бетон мен темір қатқан мұздың салмағынан майысуда. Бауыржан Момышұлы ауылы мен Талапты ауылының аралығындағы учаскеде 10 кВт жоғары кернеулі желі тартылған 26 баған істен шықса, шопандар қыстайтын Құрама учаскесінде 16 баған жарамсыз болып отыр, дейді аудандық электр жүйесінің бас инженері Серік Әбішев. Жалпы есеппен 60-тан астам баған істен шығып, елді мекендерде 500-дей жерден электр сымдары үзілген. Онымен қоса, Зыковка-Шыңбұлақ учаскесінде жерде жатқан электр сымының үш шақырымдай бөлігі ұрланған. Қазір ауданда төтенше оқиғаның салдарын жою жұмыстары жүргізілуде.Төтенше оқиға ауданның қысқа дайындығының кемшіліктерін ашып отыр. Аудандағы өмірлік маңызы бар нысандардың біразының автономды электр көзі болмай шықты. Олардың қатарында 1 тәуліктей жарықсыз қалған Б.Момышұлы атындағы мектеп те бар.