17:41, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Жуалы мал шаруашылығы асыл тұқымды сиырлармен толықты ? Жамбыл облысы
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – Мемлекеттің қолдауымен Жамбыл облысындағы аграрлық құрылымдарда асыл тұқымды ірі қаралардың өзіндік салмағы жыл сайын арта түсуде.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Жуалы ауданындағы «Гамбург» ЖШС-ға Ақмола облысынан 300 бас асыл тұқымды сиыр әкелінді, олардан сауылатын сүт өзгелерден 2-3 есе артық. Өткен 2008 жылы облыстың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 257 млн. теңге бөлінген болатын, ол 2007 жылға қарағанда 10,3 пайызға артық. Жамбыл облысының шаруашылықтарындағы асыл тұқымды малдың өзіндік салмағы бүгінгі күні ірі қара мал бойынша ? 6,7 пайызды, уақ мал бойынша ? 11,3 пайызды, жылқы бойынша ? 35,3 пайызды, шошқа бойынша ? 16,9 пайызды құрайды.