Жүгерінің әлемдік өндірісінің 51 пайызы - Қытайдың үлесінде

АЛМАТЫ. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Жүгері егістігінің көлемі 2012 жылы әлемде 175 млн. гектарды құрады. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан агрохимиялық Азия форумында айтылды.
None
None

«АҚШ-тың ауыл шаруашылығы департаментінің (USDA) мәліметтеріне қарағанда, жүгері егістігінің көлемі соңғы 12 жылда үздіксіз өсуде. Мәселен оның көлемі 2000 жылы 137 млн. гектар алқапты құраса, былтыр бұл 175 млн. гектарға жетті. Бастапқы қор 2012/13 жылғы маусымда 128-ден 131 млн. тоннаға (2 пайыз) артқанымен, жалпы жиыны 882-ден 854 млн. тоннаға (3 пайыз), импорт 99-дан 96 млн. тоннаға (3 пайыз) кеміді. Жалпы ұсыныс та 1 млрд. 109 млн. тоннадан 1 млрд. 81 млн.-ға (3 пайыз) азайды. Тұтыну 861-ден 873 млн. тоннаға (21 пайыз) артқанымен, экспорт 117-ден 90 млн. тоннаға (23 пайыз) төмендеді», - дейді «АПК Информ» агенттігінің бас редакторы Елена Чередниченко.

Оның айтуынша, әлемдік өндірісте соңғы 3 жылда Қытайдың үлесі (39, 45 және 51 пайыз) өсіп, АҚШ-тың үлесі (22, 19 және 14 пайыз) кеміді. Ал үздік үштікті түйіндеп тұрған Бразилияның үлесі былтыр 8-ден 7 пайызға азайған, ал биыл 9 пайызға дейін артты.

Соңғы жаңалықтар