08:10, 21 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Жүк тасымалдау көлемі айтарлықтай өсті - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облысындағы көлік кәсіпорындары тасымалдайтын жүк көлемі 2010 жылдың жеті айы ішінде 38 млн. тонна жүкті құрады (көлік тасымалдау ұйымдары мен басқа кәсіпорындардың ауқымын қоса алғанда),

деп хабарлады статистика басқармасы. Бұл 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,6 пайызға артық.
Павлодар облысындағы жүк айналымы 9,6 млрд. тонна шақырымды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 28 пайызға артқан, автомобильді көлік тасымалдаған жүк айналымы 2,2 млрд. тонна-шақырымды құрап, 37 пайызға ұлғайды.
Жолаушылар тасымалының көлемі былтырғы жылдың қаңтар-шілде айларындағы көрсеткішпен салыстырғанда 11,3 пайыза артып, 7,1 млрд. шақырымды құраған.