Жүкембаев пен Сабыровтың Канададағы жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық нокаутшылар қатысатын бокс кеші 16 наурыз күні Монреаль қаласында өтеді. Оны тікелей эфирден «Хабар» телеарнасы көрсетеді.
Сабыровтың қарсыласы аргентиналық Сезар Рейносо (15-11-4, 7КО). Екінші орта дивизионда өтетін жекпе-жек сегіз раундқа есептелген. 25 жастағы Нұрзат «Eye of the Tiger Managament» канадалық промоутерлік компаниясының қамқорлығында. Ол 2018 жылдың 24 қарашасында өткен соңғы кездесуінде мексикалық боксшы Рокки Монтояны (32-3, 22 КО) екінші раундта нокаутқа жіберген болатын.
Батыр Жүкембаев болса мексикалық боксшы Карлос Хименеске (14-9-1, 8КО) қарсы тұрады. Бұл, қазақстандық спортшының кәсіпқой бокстағы 15-інші жекпе-жегі. Соңғы кездесуін былтырғы жылдың 6 қазаны күні Квебекте өткізген еді. Ол Мексика өкілі Патрисио Лопес Мореноны (21-3, 15КО) жетінші раундта нокаутқа түсірді.
⠀
«Хабар» арнасындағы т рансляция 17 наурыз күні, Астана уақытымен сағат 08.00-де басталады.