Жүкті әйелдер үшін қауіпсіздік белдігін дұрыс тағыну ережелері

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Көптеген әйелдер жүкті бола тұра, көлік құралын басқаруды жалғастырады.
None
None

Бұл ретте, жүкті келіншектер болашақ шақалақтарына зиян тигізуі мүмкін деген оймен қауіпсіздік белдіктерін тағынбайды. Жол апаттары салдарын зерттеген көптеген халықаралық сарапшылар жүкті әйел қауіпсіздік белдігін тағынған жағдайда мерт болған балалардың жартысына жуығын аман алып қалуға болар еді деген тоқтамға келді.

Осы ретте ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті жүкті әйелдерге арналған қауіпсіздік белдігін тағыну ережелерін таратты. Халықаралық сарапшылар кеңес береді: қауіпсіздік белдігі оның төменгі жағы іштің төмен тұсынан (жамбасты ұстап тұратындай), ал жоғарғы жағы сол жақ иықтан кеуденің ортасынан өтуі тиіс. Сондай-ақ белдіктің жоғарғы жағы кеуденің үстінен, ал төменгісі - кеуденің төменгі жағынан (іштің жоғарғы жағынан) да өтуі мүмкін. Бұл ретте, белдік тым тартып, не тым бос тұрмауы тиіс.

Онымен қоса, жүкті әйелдерге арналған арнайы қауіпсіздік белдіктері де бар. Мұндай құрылғыларға орындыққа арналған жастықша да қоса беріледі. Ол отырған әйелді жоғары көтеріп тұрады, сол арқылы құрсақтың жарақаттануын барынша азайтыда. Бұл құрылғылар тежегішті шұғыл басқанда, тіпті ірі апат болған жағдайда жүкті әйелді соққылардан сақтап қалады.

Жүкті әйелдерге арналған қауіпсіздік белдіктерінің тағы бір түрі бар. Олар«Maternity seat belt» деп аталады. Олар кәдімгі қауіпсіздік белдіктерінен икемділігімен ерекшеленеді, және оның үш емес, төрт бекіткіші бар. Жүкті әйел онымен қысымды сезбейді және болуы мүмкін жарақаттардан анағұрлым сақталады.

Соңғы жаңалықтар