Жүкті әйелдерге не үшін скринингтік тексеруден өту қажет – акушер-гинеколог жауабы

«Бұл ультрадыбыстық және гормондарға веноздық қанның биохимиялық талдауынан тұратын 12 аптада өткізілетін бірінші скрининг - ұрықта Даун синдромы сияқты тұқым қуалайтын патологиялардың дамуының генетикалық қаупін бағалау үшін жасалады. Сонымен қатар, туылмаған нәрестенің денсаулығына және жүктіліктің нәтижесіне әсер ететін факторларды анықтайды. Сондай-ақ, есепке тұру кезінде жүкті әйел барлық тексеруден өтеді. Олар: жалпы зәр талдауы, жүкті әйелдер үшін қан тобы міндетті, мерез жұкпасына, АИТВ, В және С гепатиті инфекцияларына қан талдауы алынады. Осы талдаулардың кез келгеніне оң нәтиже болған жағдайда, дәрігердің кеңесі қажет. Процестің кезеңін нақтылау үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет болуы мүмкін. 16 аптада – әйел тексеруге келеді»,- деді дәрігер.
Жүкті әйел екінші скринингті жүктіліктің 19-20 аптасында өтуі тиіс.
«Осы кезеңде ұрықтың даму ақаулары анықталады, мысалы, жүрек ауруы, несеп-жыныс жүйесі, асқазан-ішек жолдары, өкінішке орай, өмірге сәйкес келмейтін ақаулар бар. Соңғы жағдайда босану, яғни жүктілікті тоқтату мәселесі туындайды. Келесі бақылау 24-25 аптада. Осылайша, айына бір рет әйел адам тексерілуге келеді. Бұл бізге ұрықтың қалыпты дамып келе жатқанын анықтауға мүмкіндік береді, ол белгіленген мерзімге сәйкес келуін, жүрек соғысы естілуі және де ұрықтың қозғалысына сынақ жүргізіледі. Көрсеткіштерге сәйкес, 34 аптадан кейін ұрықтың КТГ жасаймыз, бұл ұрықтың жағдайын жүрек соғысының сипаты бойынша бағалаудың заманауи әдісі», - деді Камила Абайділдаева.
Үшінші скрининг 30 аптадан кейін жасалады. Мұнда басты назар судың мөлшеріне, атап айтқанда, судың көптігі немесе судың аздығы назарға алынады.
«Жүктіліктің 20-шы аптасында қойылған кейбір диагноздар, мысалы, бала жолдасының дұрыс орналаспауы - жақсы дамуы мүмкін екенін айтқым келеді. Бәріне белгілі, бала жолдасы дұрыс орналаспаса, әйелді кесарь тілігі жасауға дайындайды, себебі, қан кету қаупі болады. Егер 30 аптада бұл диагноз қайталанбаса, сәйкесінше диагноз жойылады және босану әдісі де өзгереді», - деп түйіндеді акушер-гинеколог Камила Абайділдаева.
Фото: ocdn.eu