Жүлде қоры 300 мың АҚШ доллары болатын II республикалық «Бизнес-өрлеу» байқауы басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда жастар, әйелдер кәсіпкерлігі мен әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған ІІ республикалық «Бизнес-өрлеу» байқауы басталды.
None
None

2015 жылдан бастап байқауды ең алғашқы байқау жеңімпаздары құрған «Go Up!» кәсіпкерлерді қолдау қоры қаржыландыратын болады. Оған кез келген кәмелеттік жасқа толған ҚР азаматы қатыса алады.

«Бизнес-өрлеу» жобасының ерекшелігі, жаңа жоба Қазақстанда тұңғыш рет идеяны қолдаумен ғана шектелмей, оны бастан-аяқ жүзеге асыруға, кәсіпкерге идеядан кәсіпорынды құруға дейінгі аралықта қолұшын беруге арналған.

Өтінімдер 2015 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады. Байқау Қазақстанның барлық аумағында өткізіледі. Байқауға қатысу туралы өтінішті жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер де, жаңадан бастаған кәсіпкерлер мен идея авторлары да бере алады.

Әр санат бойынша 3 адам жеңімпаз атанады. Олар байқау талаптарын толық орындаған жағдайда өз бизнесін ашуға немесе дамытуға 100.000 доллар көлемінде қаржы алады. Сонымен қатар, оларға бизнесті ұйымдастыру мен жүргізу жөнінде консультативтік қолдау көрсетілмек.

Қазақстан франчайзинг қауымдастығының вице-президенті Бекнұр Қисықовтың айтуынша, қазіргі дағдарыс жағдайында жастардың жұмыс табуы өте қиын.

«Былтыр көзіміз жеткендей, Қазақстанда жүздеген жобалар дүниеге келеді. Бірақ, олар әрі қарай дамып кетпейді. Кейде білім, кейді тәжірибе жетпей жатады. Біз оларды қажетті біліммен қамтып, аяғынан нық тұрғызатын боламыз. Оларды оқытуға шетелдік бизнес-тренерлерді шақыртамыз. Басты демеуші «Зумрад» корпорациясы кәсіпкерлерді 3 жыл қатарынан маркетинг, жарнама, қаржы тұрғысынан қолдайтын болады. Қазақстан жастарының арасында кәсіпкерлікті насихаттау үшін «Go Up!» қорын құрдық», - деді «Зумрад» корпорациясының президенті Екатерина Ким.

Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, алкоголь, темекі, тау саласынан өзге барлық саланың жобалары қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр «Бизнес-Өрлеу» байқауының бас жүлдесін талдықорғандық кәсіпкер Елдос Баялышбаев жеңіп алған болатын. Ол аталған қаржыға сал ауруымен ауыратын адамдарды емдеу орталығын кеңейтіп, кешенді емдеу орталығына айналдыруды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар