09:19, 05 Қазан 2025 | GMT +5
«Жұлдызай-2025» Ұлттық Инклюзивті ойындары аяқталды
АСТАНА. KAZINFORM – 4 қазан күні Астанада еліміздің барлық өңірінен келген ерекше білім беру қажеттіліктері бар 500 жас спортшыны біріктірген «Жұлдызай-2025» Ұлттық Инклюзивті ойындарының жабылу салтанаты өтті.

Қызу бәсекенің нәтижесінде жалпыкомандалық есепте орындар келесідей бөлінді:
1-орын – Алматы қаласының құрама командасы
2-орын – Астана қаласының құрама командасы
3-орын – Қарағанды облысының құрама командасы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер лайықты марапаттарға ие болып, барлық қатысушыларға қатысушы дипломдары табысталды.
Айта кетелік қазақстандық теннисші Кореяда өткен жасөспірімдер турнирінің финалына шыққан еді.