Жұлдыздар қай учаскелерде дауыс береді?

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Отандық шоу-бизнес өкілдері #Sailau2016 хэштегі арқылы қай жерде дауыс беретінін өздерінің тыңдармандарына хабарлап жатыр.

Жұлдыздар қай учаскелерде дауыс береді?

«Алматылықтар, өздеріңізді сайлаушылар тізімінде тексеріп көріңіз. Almaty.gov.kz сайтында тексеруге болады. Мәселен, мен № 200 учаскеде дауыс беремін. Келіңіздер», - деп жазды «Ринго» тобының әншісі Данияр Өтеген Инстаграмдағы парақшасында.

Сондай-ақ, Мәдина Сәдуақасова, Айқын, Жанар Дұғалова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Қайрат Нұртас, Динара Бақтыбаева сынды шоу-бизнес өкілдері балалар және жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв мектебінде орналасқан №40 учаскеде дауыс беретіні белгілі болды.