Жұма күні күн райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM –  «Қазгидромет» РМК мәліметінше жұма күні бірнеше өңірде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады.  

люди, дождь, погода, ауа райы, жанбыр, адамдар
Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Астанада найзағай болып, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді.

Абай облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде күндіз найзағай болып, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел екпіні солтүстік-батыстан, облыстың батысы, оңтүстігі мен орталығында 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градусқа дейін аптап ыстық болады. Облыстың солтүстік-батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында нөсер болып, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрып, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып екпіні 15-20 м/с, күндіз солтүстікте, шығыста және оңтүстікте екпіні 23-28 м/с жетеді. Батыс өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді. 

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында күндіз кей жерлерде жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрып, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан, батыс, солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарда соққан желдің екпіні 18-23 м/с жетеді. Облыстың орталығында жоғары, батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде күндіз найзағай болып, бұршақ жауыпжәне дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оңтүстікте 35 градусқа дейін аптап ыстық болады. Оңтүстік-шығысында төтенше, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында күндіз жаңбыр жауады. Солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі.
Солтүстік пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан, оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс пен таулы аудандарда жел екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Солтүстігінде және оңтүстігінде жоғары, батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде найзағай болып, күндіз батыс, солтүстік пен оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, дауыл тұрады.
Оңтүстік-батыстан, түнде батыс пен солтүстікте жел екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде бұршақ жауып, дауыл тұрады.
Түнде және таңертең батысын тұман басады. Солтүстік-батыстан, күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстікте жел екіпні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.
Оңтүстікте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысының шығысында найзағай болып, дауыл тұрады, солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан, түнде солтүстік пен орталықта жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, орталықта 25 м/с жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыс өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде түн және күндіз найзағай болады, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, түнде батыс, солтүстік, оңтүстікте жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді. Шығыста, батыс пен оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады, найзағай болып, күндіз бұршақ жауып, дауыл күтіледі.
Түнде және таңертең батысында тұман болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан, түнде солтүстік, шығыс, оңтүстікте жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігі, батысы және таулы аймақтарында таңертең және күндіз найзағай болады. Солтүстігі, батысы және шөлейт өңірлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан, солтүстік, оңтүстік, батыс, шөлейт және таулы өңірлерде желдің екпіні 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді. Солтүстігі мен шөлейт, таулы аймақтарда төтенше, оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында күндіз найзағай болады. Батыстан, солтүстік-батыстан, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде жел екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. Оңтүстік, шығыс және орталық өңірлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар