Жұма күні еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын соғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10-ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, кей жерлерде қар жауады, еліміздің оңтүстігінде таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейіп, тек елдің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
None
None

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын  болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с ,екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыс облыстарында кей уақытта 30 м/с аса күшейеді. 

 Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.  

Қостанай  облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.  

Түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде  бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.  

Павлодар облысының  кей жерлерінде  бұрқасын күтіледі, күндіз басым бөлігінде, түнде кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді.

Қарағанды  облысының  кей жерлерінде бұрқасын, тұман  күтіледі, түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының  кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 17-22 м/с, екпіні 28 м/ күшейеді.

Соңғы жаңалықтар