Жұма күні еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысының кей жерлерінде қар жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 наурызда Қазақстанның батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауады. Жекелеген аймақтарда тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ байқалады.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағнды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram