Жұма күні Қазақстанның басым аумағында аяздың беті қайтады - Қазгидромет

елдің тек шығыс бөлігінде аяздар сақталады.
Атап айтқанда, Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде 15-20 м/с күшпен жел соғады.
Атырау облысының жекелеген аумақтарында тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жлдамдықтағы жел күтілуде.
Батыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, оның екпіні 15-20 м/с-ты құрайтын болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында желдің екпіні секундына 18-23 метр болады.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында қатты аяз сақталады.
Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, алдағы тәулікте Қазақстанның сулы нысандарының денінде мұз қату процесі жалғасады. Алматы облысының жекелеген өзендерінде мұз кептелістері, су деңгейінің көтерілуі және су басу жағдайлары күтілуде. Семейдің Ертіс, ШҚО-ның Печи ауылындағы Бұқтырма өзенінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуы мүмкін, салдарынан өзен арнасынан тасып, су басу қаупі болуы ықтимал. Сырдарияда Қайрақұм су қоймасынан ағытылатын су көлемінің арттырылуынан Шардара су қоймасына келетін су көбеюі мүмкін.