Жұманғарин вице-премьер – Ұлттық экономика министрі қызметінде қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Серік Мақашұлы Жұманғарин Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі қызметіне қайта тағайындалды.

Жұманғарин Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметінде қалды
Фото: primeminister.kz

Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

— Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалсын, — делінген құжатта.

Серік Жұманғарин 1969 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Мәскеу Ленин орденді және Октябрь Революциясы орденді энергетикалық интитутын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

1993–2004 жылдары кәсіпкерлікпен айналысқан.

2005–2006 жылдары — Ақтөбе қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары; Ақтөбе қаласы Кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.

2006–2007 жылдары — ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.

2007–2008 жылдары — ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры.

2008–2010 жылдары — ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры; «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2010–2011 жылдары — «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.

2012–2013 жылдары — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2013–2014 жылдары — ҚР өңірлік даму вице-министрі.

2014–2017 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.

2017–2019 жылдары — ҚР ұлттық экономика вице-министрі.

2019–2020 жылдары — Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр).

2020–2022 жылдары — Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.

2022–2023 жылдары — ҚР Премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі.

2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2024 жылғы 21 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі, Ержан Сәденов Ішкі істер министрі, Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалғанын жазғанбыз.