Жұмбақ өлім: Грузия мейрамханаларының бірінде 12 қызметкердің мәйіті табылды
АСТАНА. KAZINFORM – Грузия Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Гудаури тау шаңғысы курортында мейрамхананың 12 қызметкерінің мәйітін тапты. Бұл туралы ведомствоның мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

— Гудауридегі үнді мейрамханасының екінші қабатындағы жатын бөлмеден мекемеде жұмыс істеген 12 адамның мәйіті табылды. Мәйіттерді алдын ала қарау кезінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Сондай-ақ, тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, кеше электр қуаты сөнгеннен кейін қосылған генератор табылды, делінген хабарламада.
Қайтыс болған 12 адамның 11-і шетелдік, біреуі Грузия азаматы. Оқиғаға байланысты жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, оқиға орнында сот-медициналық сарапшылар жұмыс істеп жатыр.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп қосты Ішкі істер министрлігі.