Жұмбақтасқа көтерілуге тыйым салынды

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысындағы Бурабай ұлттық паркі аумағында орналасқан Жұмбақтас жартасына шығуға қатаң тыйым салынды. Бұл туралы «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жұмбақтасқа көтерілуге тыйым салынды
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Мамандардың айтуынша, жартасқа көтерілу табиғи ескерткіштің тұтастығына зиян келтіріп қана қоймай, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

— Жұмбақтас — ерекше қорғалатын табиғи аймақ. Оның тек эстетикалық емес, мәдени-тарихи құндылығы да зор. Сондықтан келушілерден белгіленген тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұраймыз, — делінген ресми хабарламада.

Тәртіп бұзушылар Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

— Экологтар мен жергілікті билік өкілдері табиғи мұраны қорғау — әрбір азаматтың міндеті екенін ескертеді, — делінген хабарламада. 

Айта кетелік шілдеден бастап «Астана-Бурабай» бағытында жаңа электр пойызы қатынайды

Соңғы жаңалықтар