«Жұмысбастылық» акциясы елордада балалар еңбегін пайдалану фактілерін әшкереледі

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Елорда аумағында полиция қызметкерлері үш күн ішінде, 10-ынан 12 шілдеге дейін «Жұмысбастылық» республикалық акциясын өткізді,
None
None

деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Акция аясында кәмелетке жасы толмағандарды жұмысқа пайдалануды әшкерелеу, жаз мезгіліндегі жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мен ескерту, алкоголь ішімдіктерін ішу мен түнгі ойын-сауық орындарына бару фактілерін анықтау бағытындағы іс-шаралар өткізілді.

Astana.kz сайтының жазуынша, «Жұмысбастылық» акциясы өткізілген үш күннің ішінде полиция қызметкерлері балалардың еңбегін пайдаланудың 4 фактісін анықтады. Рейдтік іс-шара барысында аумақтық ІІБ-ға түрлі әкімшілік құқық бұзған 22 кәмелетке жасы толмаған жасөспірім жеткізілді. Олар бұзақылық жасаған, тұрғындардың тыныштығын бұзған, сұрамсақтықпен айналысып, қаңғыбастыққа салынған болып шықты. Есепте тұрған 190 кәмелетке жасы толмаған бала мен 194 тұрмысы төмен отбасыларға тексеру жүргізілді»,- делінген ведомство хабарламасында.

Бала тәрбиесімен айналыспай, ата-аналық міндетін атқармағаны үшін 20 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астана қаласы ІІД ювенальдық полициясы бөлімінің қызметкерлері заңды өкілдерінің бақылауынсыз түнгі мезгілде көше кезіп жүрген 14 жасар орта мектептің кәмелетке толмаған оқушысын анықтады. Осыған байланысты қыздың анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері балалардың еңбегін заңсыз пайдалану фактісі бойынша да тиісті құжаттарсыз 15 жасар жасөспірімнің автомашинада жеміс-жидек сатып тұрғанын әшкереледі. Осы фактілер бойынша еңбек заңдылығын бұзған кінәлі адамдарға ықпал ету мақсатында Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасына ұйғарым жіберілді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум