14:41, 01 Наурыз 2012 | GMT +5
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша халық кәсіпкерлік негіздерін үйренуде
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - «Тұран-Профи» халықаралық кәсіптік академиясында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында халыққа кәсіпкерлік негіздерін оқыту жүргізілуде,

деп хабарлады Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында академия ректоры Манен Омаров.
Оның айтуынша, өткен жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Ақмола облысынан 150 адам оқыған. Сондай-ақ Маңғыстау облысында тұратын 750 адам іскерлік негіздерін үйренген.
«Облыстардың жұмыспен қамту басқармалары іріктеу жұмысына өте үлкен назар бөлгені байқалады, себебі біздің курстарға келген бағдарлама қатысушылары жақсы дайындық деңгейін көрсетуде», - деп атап өтті Манен Омаров.
Сондай-ақ, академия жанында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнес-жобалар дайындауда қолдау көрсететін сарапшылар институты жұмыс істейді.