19:08, 30 Қараша 2011 | GMT +5
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша қоныс аударып келгендер үшін үй салынып, ауылдық бизнесмендер жобаны игеруде - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 30 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Шарбақты ауданының Шарбақты, Орловка және Александровка ауылдарында 14 екіпәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

«Онда экономикалық әлеуетті емес ауылдардан 26 отбасы және Ақтоғай ауданынан 2 отбасы қоныстанады, деп атап өтті аудан әкімі Сапаргелді Смағұлов. - Қоныс аударып келгендер үйді жалға алады, келешекте пәтерді сатып алуға мүмкіндіктері бар. Қоныс аударып келгендердің барлығы бүгінгі күнде қарқынды дамып келе жатқан ірі қожалықтар мен шағын бизнес кәсіпорындарына жұмысқа орналаса алады».