«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша мал жайылымдарын құру ет өндірісі мен жұмыс орындарының мәселесін шешеді - Павлодар

ПАВЛОДАР. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Аймақ басшысы Ерлан Арын өткізген Павлодар облыстық әкімдігінің кеңейтілген отырысында ауыл шаруашылығы басқармасы үш облыстық бағдарламаны ұсынды,
None
None

деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.

 Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту жоспары бойынша облыста 2012 жылы аудандардағы пайдаланылмайтын жайылымдық жерлерде 50 мал жайылымын құру қарастырылған. Бұл жерде бұрғыланған ұңғымалардан 7,5 мың қой үшін су тартатын жел двигательдерін және шопандардың үйлерін электр қуатымен қамтамасыз ету үшін күн батареяларын орнатады.

«Павлодардағы шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту жоспарын ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі, Мәжіліс депутаттары қолдады. Ол «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасының қорларын жұмыс орындарын құру және ет өндірісі мәселесін шешу үшін тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.

Әкімдіктің отырысында сондай-ақ азықтық өндіріс және саяжайлық, бағбандық шаруашылықты 2012-2014 жылдары дамыту бағдарламалары ұсынылған.

 Үш бағдарламаның барлығы аймақ әкімінің бастамасымен ұсынылып, облыста алған рет дайындалған.

Соңғы жаңалықтар